384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды зиянды ақпараттан қорғайтын заң жобасы қабылданды

  • 644
  • UPD: 16:23, 21.06.2018

Сенаторлар «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын қабылдады.

Осылайша депутаттар жасөспірімдерді ғаламтор арқылы таралып жатқан зиянды ақпараттардан қорғауға мүдделі. Олар балалардың жас мөлшеріне сай келетін ақпараттарды ғана алуға мүмкіндік жасау керек деп отыр. Әйтпесе бұл қауiптің әсерi жыл санап күшейiп барады. Келешек ұрпақты зиянды дерттерден қорғау жайын дамыған елдердiң өзi басты мәселенiң қатарына қойып отыр. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдері мен Оңтүстiк Корея, Жапония мемлекеттерінде мұндай құжаттар қолға алынған. Оларда жеткіншектерді рухани аздыратын ақпараттан қорғауға арналған құқықтық шаралар бар. Сондықтан біздің елімізде де ақпараттық өнімді маркалауды жүзеге асыратын субьектілерді анықтау қажет. Сондай-ақ жеткіншектердің денсаулығына, психикасына зардабын тигізетін сайттарды бұғаттау керектігін алға тартты.

Бекболат Тілеуханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жан-жақты ақпарат тасқыны келіп жатыр. Бұл адамдарды өзгертуде. Суицидке итермелеп жатыр. Осындай жағдайлардан сақтанудың бірден-бір шарты – заңды қабылдау. Тек қана заңмен емес, бүкіл қоғам болып күресетін нәрсе. Әркім өзінің бала-шағасына ие болуы керек. Әсіресе бұл жерде ата-аналардың мойнына түсетін жүк өте үлкен. Қанша жерден таңба қойсаңыз да, тұтынушылар мен өндірушілерге тосқауыл қойсаңыз да, қоғам болып күреспесе, ата-аналар баласына ие болмаса, ол оңай шаруа емес.

Хабар 24 телеарнасы