374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада балаларды жан-жақты дамытатын жазғы лагерь ашылды

  • 321
  • UPD: 16:21, 21.06.2018
Астанада балаларды жан-жақты дамытатын жазғы лагерь ашылды

Астанадағы оқушылар сарайында «Балалық шақтың бойтұмары» жазғы лагері ашылды.

Лагерьге 7-11 жас аралығындағы 100-ден астам бүлдіршін қатысады. Олар үшін 20 үйірме қызмет етеді. Балалар бассейн, шахмат, дизайн, робототехника және қолөнер сабақтарын меңгеріп, жан-жақты дамиды. Оқушылар сарайында бұдан 5 жыл бұрын «Жазғы демалыс академиясы» жобасы қолға алынған. Жоба 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Негізгі мақсат – мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, денсаулығын нығайту, сондай-ақ патриоттық қасиетті дарыту.

Жұлдыз Жұбанова, оқушылар сарайының қосымша білім беру оқытушысы:

– Мұнда бала жан-жақты дамиды. Одан бөлек, ғылыми-танымдық бейнефильмдер көреді, рухани азық алады. 5 жылдың ішінде балалар саны көбейді. Жазғы уақыттың өзінде 5 мың баладай қатысуда.

Ақберен Қалниязова, лагерь қатысушысы:

– Мен болашақта дизайнер болғым келеді. Сол үшін дизайн үйірмесіне қатысып жүрмін.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Түркістан шағын қалалардың дамуына серпін береді Дәурен Абаев: Қазақстан халқының 81 пайызы цифрлық хабар тарату жүйесімен қамтылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы