387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде көлік қағып кеткен қыз баланың туыстары сот үкімімен келіспей отыр

  • 454
  • UPD: 20:29, 21.06.2018

Семейде екі оқушы қызды қағып кеткен «КамАЗ» көлігінің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.

Жол апаты көктемде Қаржаубайұлы көшесінің бойында орын болған еді. Жас өрендер арнайы жол белгісі бар жерден өтіп бара жатқанда ауыр жүк көлігінің астында қалды. Оқушы қыздардың бірі оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі ауыр халде ауруханаға түскен. Тергеу барысында мәлім болғандай жүргізуші шектеуге қарамастан жылдамдықты сақтамаған. Ал мерт болған жеткіншектің туыстары сот үкімімен келіспей, шағым түсіретіндіктерін айтты.

Жанат Әбенова, қалалық № 2 сотының судьясы:

- Қайрат Алимов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзғандықтан кінәлі деп танылсын. Және 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза тағайындалсын. 3 жылға дейін көлік басқаруға қатысты жұмыс істеуге тыйым салынсын.

Ерлан Какебаев, қайтыс болған оқушының әкесі: 

– Біз жазаның қатал болғанын қалаймыз. Істі қайта қарау үшін аппеляциялық шағым түсіретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы