367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда апатты үйлердің тұрғындары үшін жаңа баспана салынады

  • 181
  • UPD: 20:31, 21.06.2018

Петропавлда апатты баспаналардың тұрғындарына арнайы үй салынады.

Бұл туралы ашық қоғамдық қабылдау өткізген облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы санаттағы адамдарға арналған баспананың құрылысы келесі жылы басталады. Әкімдіктің ашық есік күнінде тағы қандай мәселелер көтерілді?

Күләш Мәженова бүтін бір ауылдың үмітін арқалап келді. Ол тұратын Леденево елді мекенінде не жол, не су жоқ. Айта айта жауыр болған мәселе бүгін облыс әкімінің құлағына жетті. 

Күләш Мәженова, Леденево ауылының тұрғыны:

- Мен оны шақырдым. Келіңіз, қараңыз, өзіңіз көріңіз дедім. Келемін деді. Күтеміз. 

Петропавл қаласында 16 апатты үй бар. Биыл бірнешеуінің қабырғалары құлап, отбасыларға пәтер берілген болатын. Енді жанын шүберекке түйіп отырған басқа да тұрғындар облыс әкімінен көмек сұрап келді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Сол адамдарды бүгін қабылдап, сол адамдардың проблемасын бүгінгі күні шешіп отырмыз. Қалайша? Оларға келесі жылдан бастап біз осы адамдарға арнайы бір үйлерді салатын боламыз. Осындай кездесу барысында да көптеген көп жылдар бойы шешілмеген мәселелер шешіледі. Жаңағы сол келіп жатқан адамдардың негізгі сұрақтары ол: жер мәселелері, сумен қамтамасыз етілуі, жол мәселелері.

Петропавлда ашық қоғамдық қабылдау тоқсан сайын өтіп тұрады. Онда қарапайым тұрғындар базыналарын бірінші басшыларға айтып, шешімін табады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Осы категория бойынша: « Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды Елімізде «Әр ауылға бір қамқоршы» атты әлеуметтік жоба іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы