374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ішкі істер органдарының қызметкерлері жемқорлық бойынша бірінші орында тұр

  • 222
  • UPD: 22:17, 21.06.2018

Елордада ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық бойынша бірінші орында тұр.

Сала өкілдері жыл басынан бері ең көп пара алғандардың қатарында. Әсіресе заңға қарсы әрекетке жергілікті полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау бағытындағы тәртіп сақшылары барады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ұлттық бюро жиынында  мәлім болды. Мамандардың айтуынша, қоғамның барлық саласында  белең алған жемқорлық мәселесін жою үшін мемлекеттік орган басшыларымен  жан-жақты жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ пара алу фактісі туралы хабардар еткен азаматтарды ынталандыруға ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері нақты ақпарат ұсынғаны үшін  елорда тұрғындары 700 мың теңгеге жуық қаржыға  ынталандырылды.

Шыңғыс Қабдула, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің жетекшісі:

- Бұл күнделікті жүргізілетін жұмыс. Арнайы комиссия отырыс өткізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпарат қайдан келді, барлық жайттар егжей-тегжейлі тексеріледі. Содан кейін сот отырысы болып нақты шешім қабылданады. Ақпараттың құны дәл осы уақытта белгілі болады.

Осы категория бойынша: « Түркістан аумағы алып құрылыс алаңына айналады Қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттануға дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы