389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мешіт құрылысы қайта жанданды

  • 743
  • UPD: 23:36, 21.06.2018
Семейде мешіт құрылысы қайта жанданды

Семейде осыдан 10 жыл бұрын басталған мешіт құрылысы қайта жанданды.

Нысан қаланың, сол жағалауындағы аспалы көпірге, қарама-қарсы шеңберде орналасқан. 2008 жылдан бер бірнеше рет инвесторлар келіп, талпынғанымен, жоба сол күйі аяқсыз қалып отырды. Енді міне игілікті шаруаны қазақстандық компаниялардың бірі қолға алды. Мешіттің бұрынғы сәулетіне, аздаған өзгерістер енгізілген. Екі жарым мың адамға арналған, құлшылық орнында 500 орындық көлік тұрағы да қарастырылған. Кәсіпкерлер жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды көздеп отыр. Қазір қалада 11 мешіт болғанмен Айт және жұма намаздарында халық сыймай қалатын.

Арап Еспенбетов, филология ғылымдарының докторы:

- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Семейдің ірі мәдени орталыққа айналуы ол бір жағынан мешіттердің де атқарған қызметі деп ескеруіміз керек. Ол медреселерде болашаққа, жақсылыққа тәрбиелейтін ұрпақ өсті, солар оқыды, солар тәрбие білім алды. Ендеше бүгінгі біздің жасап отырған ісіміз кешегі аталарымыздың бастап кеткен үлкен бір тамаша ұлағатты шаруаның заңды жалғасы, дәстүрлі жалғасы деп есептеуіміз керек.

Тұрсын Тастекеев, жоба жетекшісі:

- Елбасымызға көп рахмет, қазір осындай жағдай жасап, әр уақытта бастама көтеріп, туған жерге туың тік, еліңе көмектес дегенін қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы