367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының құрылуы туристер санының артуына ықпал етеді

  • 466
  • UPD: 15:18, 22.06.2018
Түркістан облысының құрылуы туристер санының артуына ықпал етеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жаңадан құрылған Түркістан облысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деген ойда.

Бұл шешім елдің ынтымағын арттыруға да септігін тигізбек. Мәселен, Семейдегі шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі Сұлтан Картоев жақын күндері көне шаһарға сапарға шығып, жаңа облыс орталығының тыныс-тіршілігімен танысуға шешім қабылдап отыр.

Сұлтан Картоев, қалалық шешен-ингуш орталығының жетекшісі:

- Бұл біздің тарихымызға деген құрмет. Өз еліміз ғана емес, өзге мемлекеттерден келетін саяхатшылар саны артып қана қоймайды, сонымен қатар облыстың Түркістан аталуы да біздің елдің абыройын асқақтата түседі.

Осы категория бойынша: « Астанада ислам мәдениетіне Қазақстанның қосқан үлесі талқыланды Өскеменнен Алакөлге пойыз жүре бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы