385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменнен Алакөлге пойыз жүре бастады

  • 656
  • UPD: 10:47, 22.06.2018
Өскеменнен Алакөлге пойыз жүре бастады

Тек жолаушылар тасымалдайтын бұл отарба Өскемен-Достық бағыты бойынша аптасына 2 рет қатынайды.

Билет құны Өскеменнен Жалаңашкөлге дейін 2мың 800 ден 5 мың теңге аралығында. Әзірше 5 вагон жолға шығып,  алғашқы  160  жолаушы   аттанды. Жаңа бағытты ашуға  облыстық қазынадан 140 миллион теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар тасымалы басқармасы мамандарының айтуынша, пойыз қыркүйек айына дейін қатынайды. Егер жолаушылар саны артатын болса, тағы вагондар қосылмақ. Ал бұған дейін халық Өскемен мен  Семейден Алакөлге негізінен автокөлікпен баратын. Бірақ 700 шақырым жол әбден тозғандықтан жолаушылар үнемі наразылық танытып келді. Сондықтан бұл жаңалықты көпшілік қуана қабылдады.

Тоғжан Әбзелдинова, жолаушы:

- Пойыз баратынын білгеннен кейін бірден билет алдық. Өйткені кішкентай балалармен машинамен жүру, қатынау өте қиын. Алыс жолға баламен шыққанда қорқасың. Ал пойызбен ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы