386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда көлік қатынасы артады

  • 671
  • UPD: 13:43, 22.06.2018

Түркістанның көлік өткізгіштік мүмкіндіктері мол.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Түркістан аумағынан өтетін 141 шақырымдық бөлігінен тәулігіне 20 мыңдай көлік қатынайды. Мамандар облыс орталығы болғаннан кейінгі көрсеткіштер 2 есеге артады деп отыр. Сондай-ақ шаһардың ішкі жолдары да жаңғыртылады.

Ағымдағы жылы қаладағы барлық  875 көшенің жиырмасы күрделу жөндеуден өткізіледі.

Қаланың жалпы автожолдарының ұзындығы жиырма мың шақырымға жуықтайды. Оның жүз қырық сегіз шақырымы республикалық маңызы бар магистраль. Көлік жолдарының 90 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Жолаушыларға және жүк көліктеріне бір автовокзал және екі автобекет қызмет көрсетеді.

Мейрамбек Момбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Бізде негізгі Шымкент бағытына, Отырар ауданы бағытына, Кентау қаласы бағытына басты жолдарға күрделі жөндеу жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Қазір құжаттарының барлығы әзірленіп, 6 млрд-қа жуық қаржыны қажет етіп отыр. Құжаттарының бәрі дайын, егер бюджет есебінен қаржы бөлінсе, қаланың басты жолдары дұрысталады. Қаланың бас жоспарына сәйкес алдағы үш жылдың көлемінде қажетті жолдардың барлығы қайта қалпына келтіріліп, жаңа жолдар түсуіне жұмыс жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, Түркістанда отыз үш мыңдай көлік бар. Шаһар сауда-саттық орталығы болған соң күніне он бес мыңға жуық көліп келіп-кетеді екен. Облыс мәртебесін алғалы бұл көрсеткіштер еселеп артатыны анық.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы