387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде кинология қызметкерлері сынақтан өтіп жатыр

  • 423
  • UPD: 14:14, 22.06.2018
Өскеменде кинология қызметкерлері сынақтан өтіп жатыр

Еліміздің 19 қаласындағы төтенше жағдайлар саласындағы иісшіл иттердің кәсіби біліктілігі тексерілмек.

Соңғы 5 жылда барлық құзырлы органдарда кинология қызметі құрылды. Бүгінде тек төтенше жағдайлар саласында алпысқа жуық ит бар. Олар түрлі табиғи және өндірістік апат кезінде іздестіру жұмыстарына жұмылдырылады. Мәселен, «Ника» атты ит Шахан елді мекенінде қазандық жарылып, 5 қабатты үй құлағанда үйінді астынан 9 адамды іздеп тапқан. Ал құзырлы органдардағы қызметтік жануарлар жылына бір рет сынақтан өтіп, арнайы сертификат беріледі.

Нұртас Құсайынов, кинолог:

- Табиғи апаттарға ұқсас жағдайлар жасаймыз. Техногенді апаттарға  ұқсас жағдайлар жасаймыз. Сондай кезде оқу жаттығуларын өткіземіз. Неғұрлым шынайы түрде жақындау етіп, сондай жаттығу өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы