389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХХІ ғасырда Түркістанның жаңа тынысы ашылғалы тұр

  • 564
  • UPD: 07:33, 23.06.2018
ХХІ ғасырда Түркістанның жаңа тынысы ашылғалы тұр Zakon.kz

Түркістан облысын құру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Елбасының Жарлығын түркістандықтар қуанышпен қабылдап, ел болып атап өтті.

Мерекелік жиынға облыс әкімінен бастап мәслихат депутаттары, аймақтың ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақ түйенің қарны жарылған шат-шадымен сәтте сөз сөйлеген аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар қаланың ХХІ ғасырдағы жаңа тынысы ашылғалы тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Елбасы айрықша ықылас танытып, Түркістанды түлетуге ерекше мән беріп келгенін атап өтті. Ежелден Қазақ хандығының орталығы, күллі түркі жұртының рухани ордасы, мәдени астанасы атанған құт мекеннің облыс орталығына айналуының мағынасына тоқталды. Салтанатты шара барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары әсем әннен шашу шашып, Түркістан аспанын әнге бөледі.

Хабар 24 телеарнасы