388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шежірелі Түркістанның абыройы асқақтайды

  • 553
  • UPD: 13:49, 23.06.2018

Тарихы шежіреге толы Түркістанның облыс орталығы болып, Шымкент қаласының республикалық деңгейдегі шаһарға айналуы – еліміздегі ынтымақ пен бейбітшіліктің айқын көрініс.

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері осындай пікірде. Қоғам белсенділері тек тыныштық пен тұрақтылық орнаған елде ғана осындай шешімдер қабылданады деп санайды.

Лео Шик, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер ұжымы бұл тарихи жаңалықты ерекше ықыласпен қабылдадық. Тіпті кеудемізді мақтаныш кернеді. Бұл шешім бүкіл әлемге егемен еліміз таңдаған сара жолды айқындап, көрсетіп берді. Жаһанда қаншама елде қырғын-соғыс болып жатыр. Ал біздің елімізде миллион тұрғыны бар республикалық дәрежедегі жаңа шаһар қатарға қосылды. Міне, бұл мемлекетімізде ынтымақ пен бейбіт өмір салтанат құрып тұрғанына нағыз дәлел.

Майра Шүршітбай, облыстық ҚХА ғылыми сараптау орталығының мүшесі:

- Облыс орталығы болу деген не, ол – жұмыс штатының көбеюі. Экономикалық даму процесі байқалуы керек,осыған орай өте қуаныштымыз,барлық түркістандықтарды құттықтағым келеді. Бұл үлкен серпіліске ықпал етеді, тек Түркістан халқына емес, жалпы Қазақстанға да. Түркістан тек Қазақстанның ғана емес, жалпы түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы