386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даниал Ахметов Риддердегі жол-көлік оқиғасына қатысты брифинг өткізді

  • 346
  • UPD: 19:36, 23.06.2018

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сот ісі әлі толық аяқталған жоқ.

Шамамен келер аптаның басында, яғни сейсенбі күні нақты шешім шығуы мүмкін. Дәл осы атышулы сот ісі жүріп жатқанда, жол апатынан қайтыс болған 19 жастағы Евгенийдің әкесі Виктор Смольников соққыға жығылды. Зардап шегуші бұл жағдайды тікелей баласының өліміне қатысты іспен байланыстырады. Яғни қысым көрсету мақсатында жасалып отыр деп топшылайды. Алғашқы сот отырысында ол судьядан ұлының өлімі бойынша айыпталушы Риддер қаласы әкімінің орынбасары болған Бауыржан Құрманбаевты бас бостандығынан айырмауды сұраған. Алайда кейін осы іске қатысты басқа да куәгерлерден жауап алынып, іс қозғалмағандықтан, сөзінен айнып қалған. Виктор Смольников бұл іске Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың да қатысы бар деп санайды. Ал бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов осы шулы оқиғаға байланысты арнайы брифинг өткізіп, әлеуметтік желідегі жел сөзге ермей, тек ресми ақпаратқа құлақ асуды жеткізді.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Бізге қалай болғанда да Тұмабаевтың жұмысына қатысты біраз сауалдың басын ашып алу керек. Тұмабаев өз қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы шешім шығарылды. Қазір ол жазадан құтылып кетеді деген қауесет тарап жатыр. Негізі өз қызметіне толық сай келмейді деген шешім ең қатаң жазалардың бірі саналады. Сондықтан біз бұл жазаны қолданып үлгердік деп сеніммен айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы