386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы Кеген ауданында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді

  • 926
  • UPD: 12:06, 25.06.2018

Алматы облысында асыл тұқымды мал басы жыл сайын көбейіп келе жатыр.

Жетісу жерінде қазір 200 мыңға тарта асыл тұқымды зеңгі баба төлі бар. Олардың басым бөлігі қазақтың ақ бас сиыры мен Алатау абердин-ангус, герефорд және голш-тина фриза тұқымдары. Мал тұқымын түрлендіру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Кеген ауданындағы бұл шаруашылық абердин-ангус сиырларын өсірумен айналысады.  Бүгінде мұндағы ірі қара саны мыңнан асты. Олар жыл сайын 100 сиырдан  шамамен 80-85 бұзаудан алып отыр. Шаруашылықты кешенді түрде дамыту арқылы ісіміз алға басып келеді. Мамандар осылай дейді.

Айымгүл Камалиева, мал дәрігері:

- Госпрограмма бойынша бізде барлық вакцинация жүреді. Бруцеллезға қарсы екі рет қан алынады. Сібір жарасы, ящурға өзіміздің жеке алатын вакциналарымыз бар.

Кәсіпорын бүгінде ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Олар сиыр етін болашақта көршілес елдерге экспорттай бастайды. Ол үшін үш мың басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Аудандағы өзге шаруашылықтар мал тұқымын асылдандыру мақсатында осы жерден бұқа сатып алуда. 

Евгений Бойко, шаруашылықтың іс басқарушысы:

- Райымбек, Кеген аудандарында асыл тұқымды бұқа сатып алғысы келетін шаруашылықтар өте көп. Өткен үш жылды мал басын арттыруға жұмсадық. Міне, енді елге қарасатын жағдайға да жетіп қалдық. Өзіміз алған төлді біртіндеп сатып жатқан жайымыз бар.  

Серікбай Ерназаров, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Тауарлы малдың ішіндегі 26-27 пайызы осы тұқымдық түрлендіруге қатысады. Оған жылына 3000–3500 бұқа сатып алынып, соған қосылып отыр. Нәтижесінде мал бордақылау алаңдары көбейді.

Өңірде сүтті бағыттағы сиырларды көбейту жұмыстарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп отыр. Агро несие корпорациясы арқылы ол қаржыға мың бас сүтті сиыр алынатын болады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы