383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде азаматтар жеке мәліметтерге қолжетімділікті шектей алады

  • 452
  • UPD: 17:56, 25.06.2018

Электрондық үкімет порталында жеке мәліметтерді бұғаттау функциясы іске қосылды.

Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп енгізді. Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Әрбір портал қолданушысы осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функциясын тек жеке кабинет арқылы ғана басқара алады. Екінші кезеңге сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисі іске қосылады. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін жүйеге енгізген кезде Халыққа қызмет көрсету орталығының операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Азаматтың СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмысшысы қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады. Сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында іске асыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы