389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

  • 575
ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Шығыс Қазақстан облысында Семейден Ресей шекарасына дейін апаратын жол бөлігі жөнделіп жатыр.

112 шақырымға созылып жатқан бұл аралық – тоғыз жолдың торабы. Өйткені Қазақстан, Қытай, Ресей елдерін байланыстырып тұр. Стратегиялық маңызды жол бөлігін жөндеу барысында қазірдің өзінде 95 миллион теңге қаржы игерілді. 25 техника тынымсыз жұмыс істеп тұр. Бастапқыда 8 мың шаршы метр аумақты жөндеу жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш 9 мың шаршы метрден асып жығылды. Өйткені көктемгі тасқын шайған жолдың бүлінген тұстары көп болып шықты.

Нұржан Қайсенов, «ҚазақАвтоЖол» ЖШС ШҚО филиалы жол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

– Көктемгі суық пен ыстыққа байланысты шұңқырлар көбейіп кетті. Бүгінгі таңда 9 мың шаршы метр жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолдың маңыздылығы, Ресейден келген көліктер Семей-Қалбатау арқылы Қытай еліне жүк тасиды. Бұл жол – тоғыз жолдың торабы. Бұл жол арқылы Семей, Өскемен, Павлодарға шығады.

Хабар 24 телеарнасы