386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ отандық БАҚ өкілдерін медальмен марапаттады

  • 621
  • UPD: 17:45, 26.06.2018

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай қазір жер-жерде марапаттау шаралары ұйымдастырылып, тілшілер қауымының еңбегін еленіп жатқаны белгілі.

Солардың бірі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де өтті. Жоғарғы оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықов қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар хас шеберлерді арнайы медальдермен және құрмет грамоталарымен марапаттады. Олардың қатарында «Хабар» Агенттігі төрағасының орынбасары Ренат Кертаевқа, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәліге және басқа да отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Күлтегін» халықаралық дәрежедегі төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ журналистер арасында дәстүрлі бильярд турнирінде топ жарған белгілі журналист Әлімжан Сабыржанұлы мен күйші Секен Тұрысбекке арнайы Кубок табысталды. Ал шара соңында университет пен «Қазконтент» арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры:

- Біз сол журналистерді әзірлеуге тікелей араласып, қатысып отырған ұжымбыз. Журналистика факультеті бар бізде. Жаңа ғана бір фактіні айтып кетті. 100-ден астам біздің түлектер «Хабар» Агенттігінде қызмет істейді екен. Бұл бір агенттіктегі ғана қызмет. Басқа редакцияларда да бізде шәкірттер жеткілікті.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқармасының төрағасы:

- Отандық баспасөз үшін, соның ішінде «Егемен қазақстан» үшін де қазір біздің құтты ұстахана деп айтуға болады. Бізде жұмыс істеп жатқан жас журналистердің көбісі осы Еуразия Ұлттық университетінің түлектері. Келіп жатқан практиканттар да солай. Сондықтан ЕҰУ мен оның журналистика факультеті біз үшін үлкен маңызға ие.

Хабар 24 телеарнасы