388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есірткіні инъекциялық жолмен қабылдаудан Павлодар облысы алдыңғы орынды алып отыр

  • 441
  • UPD: 22:41, 26.06.2018

Елімізде 130 мыңға жуық азамат есірткіні инъекциялық жолмен қабылдайды.

Бұл тек ресми тіркелгені ғана. Ешкімге байқатпай жасырынып жүргені қаншама. Мәліметтерге қарағанда есірткіні инъекциялық жолмен қабылдау көрсеткіші бойынша Павлодар алда тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген сарапшылар мәлімдеді.

Олардың айтуынша, уақыт өткен сайын есірткіге тәуелді жандардың қатары артып барады. Сондықтан нашақорларға көмек көрсететін орталықтар қолжетімді болуы керек. Есірткіге тәуелді адамға кешенді көмек беретін бағдарламаның бірі алмастырушы терапия. Соңғы 10 жыл ішінде осы бағдарлама ұсынған көмекке мыңнан астам адам жүгінген. Дегенмен барлығы есірткіге тәуелділіктен арылды деуге келмейді.

Николай Негай, ҚР ДСМ психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Бізге келген жандардың 30 пайызы есірткіге тәуелділіктен құлан таза арылды. Бұл жаман көрсеткіш емес. Мұндай адамдарға көмек көрсететін орталықтар әрқашан қолжетімді болуы керек. Бірақ емдеу әдістері ғылыми дәлелденуі  шарт. Өйткені екпе адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Расталған әдістерді пайдаланатын орталықтар нашақорларға ешқандай кедергісіз көмек беруі керек.

Хабар 24 телеарнасы