385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ерлік жолы» халықаралық шеруінде 15 техника 2 жарым мың шақырымды жүріп өтті

  • 407
  • UPD: 15:30, 27.06.2018
«Ерлік жолы» халықаралық шеруінде 15 техника 2 жарым мың шақырымды жүріп өтті

Ертіс маңы елдері арасында өткен «Ерлік жолы» атты бронетехниканың халықаралық шеруі аяқталды.

Құрышпен қапталған техника жарысы 16 маусым күні басталған болатын. Мәскеу-Брест-Мәскеу бағыты бойынша әскери үлгідегі 15 техника 2 жарым мың шақырымды жүріп өтті. Ұлы Отан соғысы басталғанының 77 жылдығына арналған осы шара биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Шеруге Қазақстанмен қатар Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения өкілдері қатысты. Жүріп өткен қалаларда түрлі әскери-патриоттық шаралар ұйымдастырылды.

Рафаэль Мұхамеджанов, шеруге қатысушы:

– Бұл шараға қатысу мен үшін өте маңызды болды. Батыр жерлестеріміз Әлия Молдағұлова, Төлеуғали Әбдібеков, Мәскеу түбінде жараланған Әбілхайыр Баймульдин жүріп өткен жерлерді өз көзіммен көру мақсатым еді. Орны бөлек, ерекше шаралардың бірі болды.

Хабар 24 телеарнасы