378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла Еуроодақ санкцияларына қарсылық танытты

  • 554
  • UPD: 20:21, 27.06.2018
Венесуэла Еуроодақ санкцияларына қарсылық танытты

Венесуэла билігі Еуроодақтың салған жаңа санкцияларына қарсылық білдіріп, оған мүше мемлекеттердің елшілеріне наразылық нотасын табыстады.

Құжатта мұндай шектеулердің халықаралық құқыққа қайшы екені айтылып, ұйымның АҚШ мүдделеріне тәуелділігін көрсетеді делінген. Сондай-ақ, оның Венесуэладағы тұрақтылыққа нұқсан келтіретіндігі жеткізіліп, ел егемендігін қорғау үшін қажетті шаралар қолға алынатыны айтылған. Еске сала кетейік, ЕуроОдақ Кеңесі дүйсенбі күні Венесуэлада мамыр айында өткен президенттік сайлауға қатысты кейбір лауазымды тұлғаларға жаңа санкциялар салды. Брюссельдің мәлімдеуінше, саяси дода әділетті әрі еркін болмаған. Ал қара тізімге үкіметтің 18 шенеунігі енгізілген. Оларға Одақ аумағына кіруге шектеу салынып, есеп-шоттары уақытша жабылды.

Хабар 24 телеарнасы