384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың қоғамдық көлігінде қолма-қол төленетін жолақы қымбаттауы мүмкін

  • 720
  • UPD: 17:26, 09.08.2018

Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақыны қолма-қол төлеу құны енді 2 есеге өсуі мүмкін.

Ал арнайы жол жүру карточкасы барлар үшін баға бұрынғыша 90 теңге болып қала бермек. Астана қаласы әкімдігінде тарифті өзгерту туралы осындай қаулы жобасы талқыға салынды.

Қоғамдық көліктерде жолаушылар тасымалы сапасын арттыру үшін «көлеңкелі жолақы айналымын» біржола тыйып, қала бюджетіне қаражат түсімін арттыру керек. Яғни бұл автобустарда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне көшудің бірден бір жолы, - дейді «Астана ЛРТ» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов. Осыған байланысты төлем тетігін жетілдіру мақсатында мейлінше, адами факторды азайту көзделіп отыр. Бұл дегеніміз, болашақта қоғамдық көліктерде кондукторлар мүлде болмауы мүмкін.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:

- Сараланған төлем жүйесі жолаушылар саны бойынша нақты талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Қала әкімдігі тарапынан автобус парктеріне бөлінетін субсидия мөлшерін анықтауға көмектеседі. Осылайша, көлік картасы арқылы жолақы бағасы 90 және экспресс-бағдарларларда 150 теңге болып қала бермек. Тек қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде ғана жолаушы екі еселенген бағамен төлеуге міндетті. Автобустарда кондукторлар енді болмайды. Көлік жүргізушілеріне деген талап күшейтілмек. 

«Астана ЛРТ» басшысының айтуынша, тариф өсімі жеңілдік санатындағы жолаушыларын қарастырмайды. Қоғамдық көлік билетінің құны есептік және белгіленген тарифтерден құралады.

«Есептік тариф дегеніміз - бұл жол жүрудің нақты құнын білдіретін тариф. Және оған жанармай мен қосалқы бөлшектер бағасының өсуі, тұтынушылар сұранысының артуы сынды түрлі факторлар тікелей әсер етеді», - дейді Бекмырза Игенбердинов. Ал жиынға қатысқан тұрғындар, Қоғамдық Кеңес мүшелері және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері осы қаулы жобасына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Төлеген Қуанышев, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары:

- Қоғамдық көлікпен тасымалдау бизнесінде тек билет пен арнайы карточка сату және төлем жүйесін жетілдіру бағыттары жеткіліксіз. Сапар кезінде қызмет сапасын жоғарылату маңызды. Ол үшін белгілі бір автобус бағытындағы үлгілі қызметкерлерді мысалға келтіру арқылы өзгелерін ынталандыру қажет. Сонымен қатар, әр ай соңында атқарылған жұмыстарды қорытындылап отыру керек. 

Еске салайық, 90 теңгелік тариф осыдан 4 жыл бұрын бекітілген болатын. Осы уақыт аралығында баға біраз құнсызданған. Жанармай 56 пайызға қымбаттап, жалақы мөлшері 20 процентке ұлғайған. Ал жаңа өзгеріске қатысты жолаушылардың пікірі қандай? 

БЛИЦ:

1) Сырымбек: 180 теңге деген қарапайым халық үшін өте қымбат баға бір жағынан. Автобус жүргізушілері, кондукторлардың қарым-қатынасы халықпен ол жағы да төмен.

2) Оралдық тұрғын: Жүргізушілердің қазір тәртібі жақсарып келе жатыр. Кондукторлардың да мәдениеті, сөйлесу мәдениеті. Енді келешекте 180 теңге болады деген сәл қымбаттау.  

1) Шынын айтқан кезде автобустар қатты жүреді ғо. Ішінде қаншама адамдар бар. Кәрі адамдар отырайын деп жатады мысалы, ол орналасқанша есікті жауып жүріп кетеді мысалға, осындай ыңғайсыз жағдайлар көп болады.

2) Оралдық тұрғын: Мына бюджет саласында, сосын мына студенттерге, аз қамтылған отбасыларға қымбаттау енді 180 теңге деген. Ол үшін субсидияландыру т.б. мәселелерді қарау керек.

Айта кетейік, бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тасымалдаушы компаниялардың нақты шығыны есептелмек. Белгіленген тарифтің орынды екені нақтыланған жағдайда тарифтік реформа шілде айының соңына дейін күшіне енуі мүмкін. Айта кетейік, елорда бойынша 218 мың жолаушы арнайы көлік карталарын пайдаланады. Осы күнге дейін қоғамдық көліктерде біржолғы билет арқылы жүріп келген тұрғындар карточкаларды қаладағы 6 мамандандырылған касса мен 30 автомат арқылы сатып ала алады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы