382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі құқықтық реформаларды қолдау бағдарламасы нәтижесін берді

  • 375
  • UPD: 22:33, 27.06.2018

Қазақстанда құқықтық реформаларды қолдау жөніндегі ЕО пен Еуропа Кеңесінің төрт жылғы бағдарламасы елдегі құқықтық реформаның жүзеге асуына айтарлықтай үлес қосты.

Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы жазғы сессиясының алаңында өткен арнайы форумда қатысушылар осындай пікір білдірді. 

Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы Еуропа Кеңесімен арадағы ынтымақтастық - Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Бұл туралы форумда Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко мәлімдеді. Ол өз сөзінде Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде соттар тәуелсіздігін нығайту және адам құқықтарын қорғау, қылмыстық-атқару жүйесінің ашықтығына және әкімшілік аппараттардың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар іске асатынын атап өтті. Жоғарғы Сот аппаратының басшысы Ербол Өмірәлиев құқықтық реформаны жүзеге асыру үшін елімізде сот жүйесін жаңғырту бойынша арнайы комиссия құрылғанын және жоғары кәсіби әділет жүйесін құру жөніндегі жоспар қабылданғанын хабарлады. Осы реформалардың арқасында мемлекеттің қылмыстық заңнамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесімен біртіндеп үндесетін болады.

Ханна Юнкер, Еуропа Кеңесінің құқықтық ынтымақтастық және сот төрелігі департаментінің басшысы:

- Мен форумның қорытындысын жоғары бағалаймын. Екі жақтың ынтымақтастығы мінсіз болды, еліміздегі қылмыстық сот төрелігін реформалауда біліктіліктің жоғары деңгейлігі мен Қазақстанның зор қызығушылығының зор үлес қосты.

Томас Маркерт, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының хатшысы:

- Мен Қазақстан мен Еуропалық Кеңес сот төрелігінің реформасы аясындағы әріптестігіне таңғалдым. Өзімнің жеке тәжірибемде сіздің еліңіз бен Еуропа Кеңесінің венециялық комиссиясының құқықтық және басқа да салалардағы өзара іс-қимылы жоғары деңгейде екенін растайды.

Форум алаңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бірнеше кездесу өткізді. Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Габриела Баттаини-Драгонимен әңгіме барысында қос тарап заңның үстемдік құруы мен адам құқығын қорғау саласындағы әріптестікті талқылады.

Верена Тейлор, Еуропа Кеңесі бағдарламалар директоратының басшысы:

- Бұл кездесу осы бағдарламаның контекстінде Қазақстан дамуын айқын көрсетті. Біз Қазақстандағы құқықтық жағдайға ұзақ уақыт әсер ететін нақты, тұрақты нәтижелерге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Қазақстан сот төрелігінің тиімділігі саласында Венециандық комиссияның бақылаушысы болып бекітілді. Бұл шынымен де нақты нәтижеге қол жеткізілгенінің дәлелі.

Жорди Чукла, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі:

- Менің ойымша, біздің серіктестігіміздің болашағы Қазақстанмен тығыз және тікелей ынтымақтастыққа байланысты. Мен Қазақстанда бірнеше рет халықаралық сайлау байқаушысы ретінде жұмыс істедім және сіздің еліңіздің құқықтық жүйесін реформалау жолындағы батыстық стандарттарды қабылдаудағы әдіснамасын жоғары бағалаймын.

Страсбургтегі арнайы форумға қатысушылар ынтымақтастықты әрі қарай да жалғастыру мен кеңейту жолында жарқын келешек пен өзара қызығушылықтың бар екенін атап өтті.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы