386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ салымшылар үшін ақпараттық қызметін арттырады

  • 604
  • UPD: 23:00, 27.06.2018
БЖЗҚ салымшылар үшін ақпараттық қызметін арттырады

Қазақстанның Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры салымшыларға ақпараттық қызмет көрсету ауқымын арттырмақ.

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте қордың өкілдері мәлімдеді. Қазіргі уақытта ондағы мамандар зейнетақы тағайындау бойынша кешенді қызмет түрін енгізумен айналысуда. Бұл мәліметтер қоры, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған жүйесін біріктіру арқылы жүзеге асады. Яғни аталған қызмет түрі тұрғындарға қордан зейнетақы төлемдерін жіберуге мүмкіндік береді. 1 маусымға дейін салымшылардың жеке зейнетақы шоттары 10 миллионнан асқан. Алдағы уақытта қор өкілдері зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қызметтерді үздіксіздік қамтамасыз ету үшін метрокластер құрмақ.

Ерол Тайканов, БЗЖҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры:

- Метрокластер құру және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан деректерді өңдеу орталықтарын бірегей логикалық бұлтқа біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің облыстарының бірінде 001406 табиғи несе техногендік апат болғанның өзінде қор қызметтерін үздіксіз және толыққанды ауқымда көрсетуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы