384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері кәсіби шеберліктерін паш етті

  • 406
  • UPD: 08:58, 28.06.2018
Өскеменде өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері кәсіби шеберліктерін паш етті

Олар жылдамдықта маневр жасап, кез келген оқыс оқиғаға дайын екендіктерін көрсетті.

Өрт шыққан жерге тар жол арқылы қиын бұрылыстардан өтіп, жылдам жету – құтқарушыларға қойылатын басты талаптардың бірі. Көлік жүргізушісі техниканы ширақ басқарып қана қоймай, оған лезде су толтырып, өз міндетін мінсіз атқаруы тиіс. Жылдамдықпен маневр жасау сайысына 13 құтқарушы қатысты. Барлығы жас болса да тәжірибелі. «Дегенмен бұл  сынақ  бізге артық болмайды», – дейді олар. Өйткені көп жағдайда адам өмірінің аман қалуы өрт сөндірушілердің жеделдігіне тікелей байланысты.

Вадим Мирошниченко, сайыс жеңімпазы:

- Әрбір көлік жүргізушісі тиісті арақашықтықты сақтайды. Ал ондағы автоцистерналар суға толы. Бұрылған кезде су шайқалып бір жаққа қарай қисайып кетуі мүмкін. Яғни бұл жерде жылдамдықты ескере отыра қауіпсіздікке баса назар аудару керек.

Хабар 24 телеарнасы