386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы Астана іргесіндегі ауылдарға газ келеді

  • 544
  • UPD: 13:24, 28.06.2018

2021 жылға қарай Астана қаласымен қатар Ақмола облысының 20 шақты елді мекеніне газ келеді.

Себебі, Қызылорда облысынан тартылатын газ құбыры аймақтың Аршалы және Целиноград аудандары арқылы өтеді. Сондықтан аталған магистральға жақын жатқан Астананың іргесіндегі Қоянды, Шұбар, Бірсуат, Жібек жолы секілді ауылдар көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл – өңірді газдандырудың алғашқы кезеңі. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде газ құбыры Астанадан Көкшетау жаққа қарай тартылады. Ол кезде аталған аудандардың тағы 44 ауылына газ жеткізілмек. Жалпы, Қызылорда облысынан бастау алып, Петропавлға дейін созылатын «Сарыарқа» магистральды газ құбырының 427 шақырымы Ақмола облысының аумағы арқылы өтеді.

Игорь Гусейнов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Құбырларды тарту жұмыстарын жоспарлау үшін, яғни жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қазір 100 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Осылайша 2021 жылы Астанаға жақын орналасқан Аршалы және Целиноград аудандарының 100 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынмен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы