388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 17 мың шаршы метрден астам аумақты от шарпыған

  • 508
  • UPD: 15:13, 28.06.2018
Алматыда 17 мың шаршы метрден астам аумақты от шарпыған

Алматы қаласындағы Құлжа күре жолының бойындағы қоймалардан шыққан өрт толық сөндірілді.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, суыт хабар таңғы алтыларда келіп түскен. Тілсіз жаудың күшті болғаны соншалықты, өрт сөндірушілер тікұшақтың қызметіне жүгінуге мәжбүр болды. Әуе техникасының көмегімен 130 тоннадан астам су шашылды. Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, өрт сөндірушілер жеткен уақытта жеті қойманы тілсіз жау шарпып үлгерген. «Барлығы ангар тәріздес 13 қойма бар», – дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі. Алдын ала болжам бойынша, шамамен 17 мың шаршы метрден астам аумақты от шарпыған. Өрт сөндіруге 20 техника мен 75 маман жұмылдырылды. 

Хабар 24 телеарнасы