389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ақпарат саласының үздіктері анықталады

  • 551
  • UPD: 17:47, 28.06.2018

Астанада «Үркер» ұлттық байқауы басталады. Бүгін баспасөз, радио мен интернет масс-медиясының мықтылары анықталмақ.

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

– Қызыл кілем, декорация, ондаған камера бүгінгі кештің жұлдыздарын қабылдауға дайын. «Үркер» ұлттық премиясы осымен екінші мәрте өткелі отыр. Аталған шра жылда Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні, яғни 28 маусымда ұйымдастырылады. Газет, баспасөз, интернет басылымдарының журналистері арасында жүзден жүйріктер анықталмақ. Жеңімпаздарға 1 млн теңге жүлде беріледі. Барлығы 14 номинация бойынша іріктеледі: «Үздік журналистік зерттеу», «Сараптамалық материал», «Үздік репортаж», «Үздік мақала». Шарт бойынша барлық материалдар 2017 жылы жарық көруі тиіс болатын. Және биылғы жылдың тағы бір ерекшілігі, осы жолы «Үркерден» қазақстандық вайнерлер де үмітті. Ал телевизия өкілдері бұл байқауға қатыспайды. Олар үшін арнайы премия тағайындалған. Шара Астана уақытымен 20.00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы