389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтын адамдар үшін жаңа жәрдемақы енгізіледі

  • 810
  • UPD: 17:32, 29.06.2018

Шілде айынан бастап туа бітті немесе жастайынан І топ мүгедегі атанғандарға күтім жасайтын адамдар үшін жаңа жәрдемақы енгізіледі.

Сондай-ақ зейнеткерлерге жаңа мөлшерде базалық зейнетақы төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті. Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. Бұл – егемен ел болғалы бергі ең төменгі көрсеткіш. Халықты әлеуметтік қолдау шараларымен 3,5 млн-нан астам адам қамтылды. Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын орындау мақсатында, шағын несие беруге қосымша 20 млрд теңге бөлініп, жеке ісін ашқысы келетін 14 мың адам шағын несиемен қамтылады. Осылайша, биылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 40-тан 50% -ға дейін көтерілді. Айта кету керек, енді ведомства әлеуметтік еңбек саласын цифрландыруға баса мән беріп отыр.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Бағдарлама бойынша 450 мың адам жұмысқа орналасты. Олардың 360 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесінен 26 адам өтіп, олардың 12 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды. Еңбек ұтқырлығын ынталандыру үшін жұмыс күші мол аймақ тұрғындары солтүстік өңірлерге көшіріліп, 1565 отбасы қоныс аударды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда, 8 есеге артты.

Хабар 24 телеарнасы