386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Жоғарғы соттың жалпы отырысы өтті

  • 421
  • UPD: 19:45, 29.06.2018

Елордада өткен Жоғарғы соттың жалпы отырысында 5 нормативтік қаулы бекітілді.

Таныстырылған құжаттардың үшеуі қылмыстық істерге қатысты. Әзірлеуші тараптың пікірінше, бұл өзгерістер сот шешімі шығып қойған, бірақ жаңа деректердің пайда болуына байланысты қайта қаралған істердің ақ-қарасын ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жиында процестік шығындардың орнын толтыру мәселесі де көтерілді. Атап айтқанда, жаңа құжат қылмыстық сот ісін жүргізуге байланысты келтірілген шығынды тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана емес, айыпталушы, күдікті және сотталушыдан өндіруді де қарастырады. Нормативтік қаулыда осы қаражатты өндіру тәртібі көрсетілген.

Асқаржан Кенжеғарин, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы:

– Жаңадан ашылған мән-жайлар, қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарау туралы нормативтік қаулыда жаңадан ашылған мән-жайға не жататыны, қай сотқа өтініш хат түсіру керектігі, соттарда бұл өтініш хат қалай қаралатыны жөнінде түсініктеме берілген. Бұл нормативтік қаулы тек қана судьяларға ғана емес, тараптарға да өте тиімді.

Хабар 24 телеарнасы