382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингі 2018-2023 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясын жүзеге асырады

  • 329
  • UPD: 14:24, 30.06.2018

«Бәйтерек» холдингі 2018-2023 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясын жүзеге асырмақ.

Онда көрсетілетін қызметтің 6 негізгі бағыты жаңартылан. Бұл туралы басқарма төрағасының орынбасары мәлім етті. Сондай-ақ Әнуар Омарқұлов «Ахуал» орталығының жұмысымен таныстырды. Портал өңірлердегі тұрғын үй нысандарының құрылысы туралы электронды ақпаратты орналастыратын жергілікті атқарушы органдарға арналған.

Әнуар Омарқұлов, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бізде тұрғын үйлерді тұратын кісілер КСК -мен бірталай мәселелері бар. Соларды цифрландыру үшін арнайы программа жазылады. Соның негізінде тұрғындар КСК-мен ақпартты бөліседі. Қаншама шешімдер, қандай жұмыстар атқарылғанын біліп тұрады. Бүгінде сол жұмысты атқару үшін 3300 өтініш түсті. 

Сондай-ақ цифрландыру бағдарламасы аясында «Safelift» жобасы жүзеге асырылмақ. Ол бойынша 1000 лифт кабинасында арнайы монитор қойылады. Онда бейнебақылау камералары мен диспетчерге қоңырау шалатын арнайы  белгі орнатылады. Бейне жазба 5 күнге дейін сақталады.

Хабар 24 телеарнасы