389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көне көпір қайта жөнделіп жатыр

  • 539
  • UPD: 17:29, 30.06.2018
Оралда көне көпір қайта жөнделіп жатыр

Оралда қаланың көне бөлігі мен жаңа шағынаудандарды жалғайтын көпірді жаңғырту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады.

Осыдан 55 жыл бұрын салынған Деповская көпірі арқылы тәулігіне 10 мыңдай автокөлік өтетін. Жаңғыртуға жұмсалатын 2 миллиард теңгеден астам қаржы өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компания есебінен бөлінді. Жөндеу жұмыстары аяқталған кезде нысанның ұзындығы 100 метрге, ал ені 6 метрге дейін жетеді. Бұрынғы екі жолақтың орнына төрт жолақты жол болады.

Төлеген Қарағойшин, құрылыс компаниясы директорының орынбасары:  

- 2017 жылдың 1 наурызында басталды, 2019 жылдың 1 наурызында бітуі керек болатын. Енді қазір жұмыстардың 80-85 пайызы жасалып тұр. Үстінде гидроизоляция жұмыстары өткізіліп жатыр, сосын жарық шамдары дайындалып жатыр.

Қайрат Мұхамбетқалиев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Мердігерлердің айтуынша, қыркүйек айында бітеді. Содан кейін Омега көпіріне кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы