389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар Ұлттық домбыра күніне арналған қойылымды тамашалады

  • 831
  • UPD: 14:22, 01.07.2018

Алматылықтар да Ұлттық домбыра күнін атап өтуде. Жұртшылық Жібек жолы және Панфилов аллеясына жиналып, мерекелік қойылымды тамашалады.

Ұлттық домбыра күні алматылықтар үшін қандай мәнге ие?

Аршын Кемелжан, тілші:

- Алматылықтар алғашқы Ұлттық домбыра күнін ашық аспан астында атап өтуде. Мереке Жібек жолы мен Панфилов көшелерінде өтіп жатыр. Мысалы, Панфилов аллеясында ұлттық муызкалық аспаптар қойылып, оны шегіне жеткізе орындаған күйшілердің суреттері ілінген. Ал көшенің екінші бөлігінде күйшілер тұрғындарға «Секіртпе», «Ортеке» сынды күйлерді үйретіп, шеберлік көрсетуде. Ал Жібек жолы көшесінде ісмерлер қонақтарға құрақ көрпе тігуді үйретуде. Тұрғындар үшін жарыс ұйымдастырылған. Онда кез келген адам домбырамен күй шертіп, танымал туындылардың авторларын табуы керек.  

Берік Жүсіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:

Ал мерекелік шара соңында 100 күйші қатысқан флешмоб болады. Күйшілер белгілі «Балбырауын», «Адай» және «Ата толғауы» сынды күйлерді бір уақытта орындайды. Одан кейін орындаушылар арасында күй тартыс сайысы болады. Мереке домбыраның қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен қорытындыланады. Ұлттық домбыра күніне арналған шараның кешкі бөлігіне қала әкімі Бауыржан Байбек қатысады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы