384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында аптап ыстықтан зардап шеккендер саны артты

  • 464
  • UPD: 21:02, 02.07.2018

Маңғыстау облысында бүгін сынап бағанасы 46 градусқа жетті.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ең жоғары ауа температурасы Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласында байқалған. Қатты ыстықтан медициналық көмекке жүгінгендер қатары артты. Соңғы аптада жедел-жәрдем қызметіне мыңға жуық шақырту түскен. Оның басым бөлігі қан қысымы көтеріліп, жедел ішек инфекциясын жұқтырғандар. Күннің шамадан тыс қызуы суда құтқарушыларды да әбігерге салды. Жұрт жаппай Каспийге ағылып жатыр. Құтқарушылар суға түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуге мәжбүр.

Марат Алдияров, Ақтау қалалық суда құтқару жасағының басшысы:

- Соңғы аптаның ішінде тағы да 6 адам құтқарылды судан. Соның ішінде солдатский пляжда 2 қыз бала суға кетіп қалды. Екеуі реанимацияда жатыр қазір. Соған байланысты судағы қауіпсіздікті сақтап, тереңге бармаңыздар. Ыстық күні жағалауға келмеңіздер, шама келгенше жағалауға кешке келіңіз.

Хабар 24 телеарнасы