378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Араб елінің адам кейпіндегі азаматшасы София елорда мерейтойына туралап келген

  • 647
  • UPD: 21:00, 03.07.2018

20 жыл ішінде Астананың жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жарым есеге артып, 18 млрд долларға жетті.

Осы жылдар аралығында бас шаһарға  47  млрд доллардан аса инвестиция тартылған. Оның 90 пайызы бюджеттік қаржыландыру емес. Бүгін «GLOBAL SILK ROAD» форумында қала әкімі осындай жетістіктерді сөз етті. Әсет Исекешев елордада кәсіпкерлік қанат жайып келе жатқанын да айтты. Форумда сондай-ақ көптің назарын өзіне аударған мәртебелі мейман төбе көрсетті.

София Астананың туған күніне арнайы келді. Адамнан аумайтын робот Сауд Арабиясының азаматшасы. Әлемдегі ең жетілдірілген жасанды интеллект Елорданы аралап үлгерген. Қаланың сәулеті мен сән-салтанатына тәнті екенін жеткізді. Мерейтой қарсаңындағы  шаһардың тарихынан да хабардар екенін аңғардық. Тіпті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдайтынын да атап өтті. Осыдан Қазақстанға жасаған алғашқы сапары алдында біраз дайындалғаны байқалып тұр. 

София, жасанды интеллект роботы:

- Астана бас шаһарға айналғаннан кейін бар болғаны бір жылда  ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алғанын білемін. Мемлекет басшысының саясатымен Астана бейбітшілік пен келісім мекеніне айналды. Сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуді ұсынды. Осылайша, қауіпсіздіктің нығаюына үлкен қадам жасады. 

Танымалдылығынан болар Софияның күн тәртібі тығыз. Ресми кездесулерден кейін, гиноид  елордалық жастармен жүздесті. Софияны тоққа қосқаны сол еді, көзін-ашып жұмып, тіпті арасында жимиып та қояды. Роботтың миы жасанды нейроталшықтан тұрады. Тура адамның миына  ұқсайды тек электронды. Алайда бұл суретке түсіп, жастардың сауалдарына жауап беруге кедергі болмады.  Ал келгендердің сұрағы көп.

Дэвид Чен, инвестор:

-  Адамның жас мөлшерімен айтар болсақ, қазір Софияның жасы шамамаен 2-де. Әрине оның интелектуалды мүмкіндіктерін дамыта береміз. Оның ақылын жаңа деңгейге шығару үшін шамамен 5-7 жыл қажет болады.

Адамзаттың қолы жеткізбеген  нәрсесі жоғын  екендігін осыдан -ақ аңғара беріңіз. Форум қатысушылары ғалымдарыдң болашақ жайлы болжамдарын айтып, көпшілікті таңғалдырғаны рас. Сарапшылар қазір технологияларды, экономиканы, дипломатияны және өзара пікір алмасуды дамыту аса маңызды дейді. Осы мақсатта алғаш рет Жібек Жолы елдерінің басшылары да бас қосты. Диалог алаңына 70-ке жуық шаһардың мэрі шақырту алған. Олар тұрғындардың өмірін жақсарту мақсатында тізе қосып бірге жұмыс істемек ниетте.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Біз қазір елордада трансформация жүргізіп жатырмыз. Кез-келген әкім үшін халықтың әл-ауқаты жақсарту маңызды. Ол үшін тұрғындардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсарта түсу керек. Біз  осы міндетті кезең-кезеңімен іске асыруға мүмкіндік беретін «20 нақты қадам» деп айталатын арнайы бағдарлама түздік. Оны алдағы 3 жылда іске асырамыз. Қазір қалада 2 млн адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл ретте 129 гектар жерде 10 мың тұрғын тұруы тиіс. Әрі онда қолайлы өмір сүруге барлық қажетті жағдай жасалады.

Форум қатысушылары болашақта экономикалық билік жеке қалалардың қолына көшеді деген пікірде. Сондықтан осы бастан қыстың қамын жаз ойлау керек дегенге саяды. Бұған көптеген зерттеу жұмыстарының қорытындылары дәлел. Мәселен, швед ғалымы Кьел Нордстремнің пайымынша, 50 жылдан кейін 218 мемлекеттің орынын 600 қала баспақ.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Аят Дүйсенбаев, Ербол Даиров

Хабар 24 телеарнасы