383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы YouTube желісінің күміс батырмасына ие болды

  • 396
  • UPD: 15:22, 04.07.2018

Бұл марапат желіде 100 мыңнан астам жазылушысы тіркелген арналарға табысталады.

Салтанатты шара барысында табысталған сыйлық play батырмасының формасы түрінде жасалған.

Айта кетейік, бүгінде «Хабар» арнасының YouTube каналында шамамен 106 мың адам тіркелген. Ғаламтор парақшасына жаңалықтар, аналитикалық материалдар, сондай-ақ деректі және көркем фильмдер салынады.

Әлжан Әбдірахманов, «Хабар» Агенттігі» АҚ интернет жобалар дирекциясының директоры:

- Мен біздің жұмыс тобымыз үшін өте қуаныштымын. Бұл талай адамдардың еңбегін көрсететін батырма десе болады. Ендігі мақсат алтын батырмаға қол жеткізу. Заманауи телевизия саласын YouTube желісінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сол үшін осы бағытты да дамытуға ерекше назар аудару қажет.

Хабар 24 телеарнасы