389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтардың 65 пайызы латын графикасына көшуді қолдайды

  • 558
  • UPD: 10:01, 04.07.2018
Қостанайлықтардың 65 пайызы латын графикасына көшуді қолдайды

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсетті.

Биыл халық арасында жаңа әліпбиге ауысудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жандана түскен. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 жарым миллион теңге бөлініп отыр. Және қоғамдық ұйымдарды да кеңірек тарту көзделген. Екінші жартыжылдықта бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жоспар бойынша өңірдегі 12 ауданға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Кенжеғали Бимағамбетов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Әлеуметтік жоба шеңберінде екі лот қаралған, біріншісі – «Жастар латынды қолдайды» және екіншісі – мүмкіндігі шектеулі адамдарды жаңа қазақ әліпбиімен таныстыру және өткізу. Жоба аясында «Біз латынды қолдаймыз!» ақпараттық акциялар, флешмобтар, эссе, конкурстар, дөңгелек үстел және ашық дәрістер өткізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы