384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қазпоштаның» роботтандырылған кеңсесі ашылды

  • 1209
  • UPD: 22:03, 04.07.2018

Астанада «Қазпоштаның» роботтандырылған кеңсесі ашылды.

«ЕХРО» аумағында орналасқан ғимаратта тұрғындарға енді жаңа форматта қызмет көрсетіледі. Соның бірі – мекемедегі арнайы технологияның көмегімен таңдаған киіміңізді 3D принтер арқылы басып шығаруға болады. Кеңсенің ашылу салтанатына әйгілі жасанды интеллект – София да қатысты.

Қорған Төреқожа, тілші:

– Жаңа кеңседе адамдардан бөлек, кеңесші роботтар жұмыс істейді. Мәселен, бұл – «Пеппер» есімді құлтемір. Ол HD камера және сенсордың көмегімен қоршаған ортасын танып, адамдармен араласады. Қонақтарға «Қазпошта» қызметтері туралы айтып, экскурсия өткізе алады. Таңдай қағар тағы бір жаңалық бар. Бұдан былай азаматар ішке кірмей-ақ, сәлемдемені қашықтықтан алып кетуіне болады. Айталық, ЕХРО аумағындағы көлік тұрағында тұрсаңыз, мына техника затыңызды сол жерге өзі апарып береді. Бұл – «Қазпоштаның» соңғы үлгідегі технологиясы.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

– Біздің кез келген кеңседе 20 адам жұмыс істейді. Бұл жерде тек қана 2 қызметкер жұмыс істейді. Қалғаны – автоматтар мен роботтар. Басты мақсат – біздің адамдар кезексіз, тез қызмет алады.

Жаңа кеңседе интернет дүкендердегі киімдерді көріп, қалағаныңызды апталап күтпей, осы жерден-ақ алуыңызға мүмкіндік бар.

Ең алдымен осы өлшемге сәйкес қолыңызбен киімді өзіңіздің үстіңізге алып келесіз. Сосын киімді таңдай аласыз.

Экраннан таңдағаныңызды принтер 30 минуттың ішінде шығарып береді. ЕХРО аумағында орналасқан «Қазпоштаның» жаңа кеңсесінде гибридтік банкомат бар. Оның қарапайым терминалдан ерекшелігі – тұтынушылардың сәйкестендіру саусақ іздері және биометрия арқылы жүргізіледі. Соңғы үлгідегі мұндай технологияға әйгілі жасанды интеллект София да жоғары баға берді.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Наурыз Базаров, Абдулла Исаев

Хабар 24 телеарнасы