386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық киноиндустрия өкілдері шетелдік студиялармен тәжірибе алмасуға уағдаласты

  • 456
  • UPD: 23:13, 05.07.2018
Отандық киноиндустрия өкілдері шетелдік студиялармен тәжірибе алмасуға уағдаласты Business FM

Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында өтетін венециялық кинофестиваль аясында қазақстандық кино күндері өтеді.

Бұл туралы XIV Еуразиялық кинофестивальге арналған баспасөз мәслихатында мәдени шараның президенті Айман Мұсаходжаева мәлімдеді. Айта кетейік, Астана төрінде өтіп жатқан іс-шараға халықаралық кинонарықтың 350-ден астам өкілі қатысуда. Қуантарлығы, кинофестиваль барысында әлемнің киноқауымдастығы қазақ фильмдерімен танысумен қатар, ынтымақтастық көкжиегін кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, отандық киноиндустрия өкілдері америкалық және италиялық студиялармен меморандумға қол қойып, тәжірибе алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар жас режиссерлер мен әртістерді оқыту бойынша келіссөздер жасасты.

Роберто Стабиле, Италия мәдениет министрлігінің өкілі:

– Ауқымды мәдени шараларды өткізудің маңызы зор. Осы кинофестивальде қазақстандық кинолармен кеңінен таныстық. Оның өзіндік стилі, мінезі бар. Саладағы жетістіктер көп. Десе де, тоқтауға болмайды. Қазақстандық режиссерлерге мұнымен шектелмей, өзге елдермен бірлескен картиналарды көптеп түсіру керек.

Хабар 24 телеарнасы