380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада үрлемелі аспаптар оркестрлерінің шеруі өтіп жатыр

  • 425
  • UPD: 12:21, 06.07.2018

Елордада ІХ «Астана самалы» халықаралық үрлемелі оркестрлерінің фестивалі өтуде.

Бүгін өнер ұжымдары мерекелік шеру ұйымдастырды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Мерекелік шеруге 250 өнерпаз қатысып жатыр. Олар әскери-тариxи мұражайынан республика даңғылы бойынша «Жастар» сарайына дейін жүріп өтеді. Үрлемелі аспаптар оркестрлері салтанатты әскери марштарды орындайды. Міне көше кептелген көліктердің дыбысына емес, осы аспаптардың әуезіне бөленді. Бірге тыңдайық. Жалпы «Астана самалы» xалықаралық байқауы кеше аяқталды. Бұл фестивальге Қазақстанның ғана емес, көрші Ресейдің Екатеринбург, Барнауыл қалаларының да шығармашылық ұжымдары келіп қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтарын кешке керемет кеш күтіп тұр. Үрлемелі аспаптар оркестрі қалалық алаңда гала-концерт ұйымдастырады.

Хабар 24 телеарнасы