378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада көкпардан ел чемпиондары анықталды

  • 1578
  • UPD: 15:23, 06.07.2018

Ұлттық ойынымыз көкпардан ел чемпиондары анықталады. Осымен 18-рет ұйымдастырылған байрақты бәсекенің финалдық ойыны елордадағы «Қазанат» атшабарында өтіп жатыр.

Мұнда Маңғыстау мен Қызылорда облыстары үшінші орынға, ал Жамбыл мен Түркістан облыстары бірінші орынға таласады. Тартысқа толы көкпарды әріптесім Әбдіқожаев Талғатбек те тамашалап жүр. Қазір ол бізбен тікелей қосылуға дайын. Талғатбек бәсеке қалай өтіп жатыр? Жеңімпаздар анықталды ма?

Талғатбек Әбді-қожаев, тілші:

Қазақтың тойы бітпесін. Жалпы ұлысын ұлықтаған, өткенін ұмытпаған елміз ғой.

Сондықтанда тойда ат шаптырып, көкпар тарту санамызға сіңіп, дәстүрімізге айналған. Тартысты ойынды көруге келген халықтың да қарасы қалың. Барлығы шат-шадыман. мерекелік көңіл күйде. Қазір мұнда 29 маусым күні басталған ат спорты түрлерінің финалдық ойындары өтіп жатыр. Жаңа ғана Қызылорда мен Маңғыстау облысының шабандоздары бақ сынасып, үшінші орынды Қызылордалықтар еншіледі. Енді Жамбыл мен Түркістан олбысының жігіттері бірінші және екінші орын үшін таласады. Қазір менің жанымда осы ұлттық спорттың жанашыры

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті: 

- Айта кету керек, сағат 17:00-де дәл осы «Қазанат» атшабарында төрт тұяғы жер тарпып, шаңды көкке көтерген жүйріктер бәйгесі болады. Сәйгүліктер екі қашықтық бойынша бақ сынайды. Яғни аламан 25 шақырым. Ал тоқ бәйге 16 шақырым. «Астана кубогіне» иемдену үшін республиканың барлық облыстары және Астана мен Алматы қаласынан екі-жүйріктен қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге. Ал аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүлікке 20 мың АҚШ доллары беріледі.

Хабар 24 телеарнасы