386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысына қарасты елді мекендердің жолдары биыл жөндеуден өтеді

  • 766
  • UPD: 11:11, 08.07.2018
Қызылорда облысына қарасты елді мекендердің жолдары биыл жөндеуден өтеді

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы барлық 22 елді мекеннің жолдары биыл ағымдағы жөндеуден өтеді.

Бұл жұмыстарға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы қаржы бөлінген. Осылайша, ауылдарға кіреберіс жолдардың мәселесі толық шешіледі. Сонымен қатар аудандық маңыздағы Шиелі Қарғалы Байкенже Жаңа-қорған күре жолы күрделі жөнделеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 615 миллион теңге қарастырылған. Демек, аудан жолдарының 84 пайызы қалыпты жағдайға келтіріледі. «Көп ұзамай, аудан орталығы – Шиелі кентін екіге бөліп жатқан теміржол өткелінің үстінен автомобиль көпірін салу мәселесі де шешімін табады», – дейді мамандар.  

Болатбек Исмағұлов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары:

– Теміржол өткелінен өту мәселесіне аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін республикалық бюджеттен қаржы сұрайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы