384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велосипедпен саяхатқа шыққан еуропалық зейнеткерлер Астанаға жетті

  • 543
  • UPD: 15:14, 09.07.2018
Велосипедпен саяхатқа шыққан еуропалық зейнеткерлер Астанаға жетті

Еуропаның егде адамдары велосипедпен 10 мың шақырымды жүріп өтпекші.

Осы мақсатта олар шілденің басында Санкт-Петербург қаласынан шыққан болатын. Бүгін Астанаға келіп жетті. Арнайы топ 22 адамнан тұрады және олардың арасындағы ең жасы 57-де екен. Басым бөлігі – Швейцария, Германия және Австрия азаматтары. «Түпкі мақсатымыз – Владивостоккқа жету», – дейді. Ол үшін Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстырын басып өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды және оны бағындыру үшін күніне 150 шақырымнан 3 ай бойы тоқтаусыз жүріп отырады.

Вальтер Глацман, әуесқой велошабандоз:

– Менің жасым 75-те. Соған қарамастан, велосипиедке отырып, сапарға шықтым. Өйткені Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде бұрын болмап едім. Енді соның сәті түсіп тұр. Қазақ даласы өзінің кеңдігімен және сұлулығымен таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы