380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстаннан келетін судың азаюынан Талас өзенінде балық қырылды

  • 899
  • UPD: 17:48, 09.07.2018

Жамбыл облысында Талас өзенінің балығы қырылып жатыр.

Себебі көрші қырғыз елінен келетін судың мөлшері азайған. Бұл жөнінде Шу-Талас бассейндік инспекциясына хабар берілген. Алайда су уақытылы қадағаланбағандықтан Талас өзені тартылып, осындай олқылық орын алды. Ауданнан 20 шақырым жердегі Ойық тоғанында балықтардың жаппай қырылғаны әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Қазіргі таңда Жамбыл облысы жергілікті орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары 50 мыңға жуық балықты құтқарғанын айтады. Олар  тірі қалған су жәндіктерін аулап, өзге арналарға жіберген. Бұл жұмысқа Талас ауданы аумағындағы су айдындарын пайдаланушылар да атсалысып жатыр. Алайда екі мыңнан аса балықты құтқара алмаған.

Болат Асамбеков, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекция бастығы орынбасарының м.а:

- Шамамен  екі, екі жарым мың дана майда шабақтар бар, ішінде үлкен балықтар бар солар қырылды. Бірақ оның барлығы жинақталып, сол ауданның жанына шұңқыр қазылып барлығы жойылды.

Хабар 24 телеарнасы