384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының 3D-картасы әзірленді

  • 777
  • UPD: 22:28, 09.07.2018

Алматыда шаһардың 3D картасы әзірленді. Енді қаладағы барлық ғимаратқа қатысты мәліметтер ортақ жүйеге топтастырылады.

Жаңа картадан нысандардың зілзалаға төзімділігі, олардың қандай материалмен салынып жатқаны жөніндегі ақпараттарды таба аласыз. Одан бөлек, қызыл сызыққа енген үйлердің тізімін де көруге болады. Бұл жаңашылдық әсіресе пәтер алушылардың көңілінен шыққанға ұқсайды. 

Айнаш Ахметова бірнеше жылдан бері кенже ұлына пәтер іздеп жүр екен.  Осыған дейін қалада салынып жатқан жаңа үйлердің біразын аралап көріпті. Алайда өзіне  қолайлысын әлі таппаған. Бірі сапасыз салынса, енді бірі жайсыз ауданда орналасқан екен. Шаһарды шарлаудан әбден шаршаған  келіншек Алматының 3Д-картасынан  баспана таңдау жеңіл болғанын айтады.       

Айнаш Ахметова, қала тұрғыны:

– Бұл картадағы ең жақсы нәрсе, біріншіден, тұрғын үйдің қауіпсіздігі. Екіншіден, әлгі үйден қандай ауа өтетінін білуге болады. Осы нәрселер пәтер алушыларға ең керегі деп ойлаймын. 

Бұл картаға қаладағы нысан құрылыстарына қатысты барлық мәлімет енгізілген. Ғимараттардың зілзалаға төзімділігі, үйдің қандай материалмен салынып жатқаны немесе құрылыс мерзімі қашан аяқтатынын біле аласыз. Одан бөлек қызыл сызыққа енген нысандардың тізімін де анықтауға болады.     

Алмасхан Ахмеджанов, cәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- 3Д-картаның ішінде негізінен үйлер жасалған. Олардың қазір қалай тұрғаны, қандай түрлері бары, қалай салынғаны, маңайында не бары – осылардың барлығы 3Д-картаға енгізілген.

Қазір Алматыда 7 мыңнан аса нысанның электронды пасторты әзірленген.  Мамандар жыл соңына дейін қаладағы барлық құрылыс нысандарын осы картаға енгізуді жоспарлап отыр. Тың жүйе жыл сайын жаңаланып отырады. 

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы