374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында Жаңаөзен-Жетібай автожолы жаңғыртылуда

  • 334
  • UPD: 07:31, 10.07.2018
Маңғыстау облысында Жаңаөзен-Жетібай автожолы жаңғыртылуда

Келер жылдан бастап Маңғыстау облысынан көрші мемлекеттерге жаңа автожол ашылады.

Қазір Бейнеуден Өзбекстан шекарасына дейін және Кендірліден Түрікменстан шекарасына дейінгі тасжолдар жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ әбден тозығы жеткен Жетібай-Жаңаөзен күре жолы сүріліп, қайта салынуда. Бұл – Ақтау-Жаңаөзен республикалық автожолының бір бөлігі. 73 шақырымды құрайтын жолды жаңарту жұмыстары биыл көктемде басталды. Бұрын 7 метрге де жетпейтін тар жол 19 метрге кеңейтілуде. 21 миллиард теңгені құрайтын жобаны Азия даму банкі қаржыландырып отыр. Жол құрылысына Маңғыстауда өндірілетін битум, цемент пен өңірдің құм, тасы қолданылуда. Алдағы уақытта аталған көлік дәлізі арқылы Ақтау мен Құрық теңіз порттарына жүк тасымалданып, Каспий маңы аймағының дамуына ықпал етпек.

Сайын Демесін, «Маңғыстаужолзертханасы» РММ басшысы:

- Қазіргі таңда кестеге сәйкес жұмыстарын атқарып жатыр. Жолдың төменгі қабатына 31 км асфальт төселді. Жол 2019 жылдың қараша аяғында аяқталады деп күтілуде. Жолда қазір 768 адам, 555 техника жұмыс жасауда.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында ірі жел электр станциясы салынып жатыр СҚО-ға Германиядан 600 бас ірі қара әкелінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы