367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МСҚ халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге қаржы бөлді

  • 263
  • UPD: 12:12, 10.07.2018
МСҚ халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге қаржы бөлді Stan.kz

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, шілденің 9-ына дейін қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілген. «Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттрдың жалпы сомасының 56 пайызы», – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы – 704,5 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», – деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жекеменшік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салытырғанда 138-ге көбейген. Ал олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5 млрд теңгені құрады.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында ашық айдында қалған 7 адам құтқарылды Елімізде балықтар жаппай қырылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы