368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі жолдар түнде жөнделеді

  • 215
  • UPD: 13:15, 10.07.2018
Семейдегі жолдар түнде жөнделеді

Семейлік жол жөндеушілер енді түнде жұмыс істейтін болады.

Бұған күндізгі көлік қозғалысының тығыздығы себеп. Қазір Қабанбай батыр көшесінде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Коммуналдық қызмет бұл көшенің 2 шақырым тасжолын жөндейді. Мұнда 20 техника жұмылдырылған. Тас жол төсеу жұмыстары кешкі 8-ден таңғы 4-ке дейін жалғасады. Жалпы қаланың 14 көшесіндегі жолды қалыпқа келтіруге бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Жасар Түсіпов, қалалық автомобиль жолдары секторының бас маманы:

- Қабанбай батыр көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына кедергі жасайды. Оған қоса бұл тікелей базарға апаратын жол. Сондықтан түнгі уақытта жөндеу жұмыстарымен айналысамыз. Қазір біз Титов, Рысқұлов, Абай көшесінде жолды жөндеуден өткізіп жатырмыз. Бұл көшелерге тасжол төсеуге облыс пен қала бюджетінен 400 млн теңге бөлінді.

Осы категория бойынша: « Елімізде балықтар жаппай қырылып жатыр Павлодар облысында құздан құлаған 9 жасар бала есін жиды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы