365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде мазутты төккендер іздестіріліп жатыр

  • 155
  • UPD: 13:16, 10.07.2018
Өскеменде мазутты төккендер іздестіріліп жатыр

Өскеменде құрылыс комбинаты аумағында мазут төгілген жер иелерінің бірі табылды.

Алайда зиянды қоспаны онда кімнің төккені әлі белгісіз. Сондықтан экологтар табиғатқа залалын тигізгендерге нақты шара қолдана алмай, жіпсіз байланып отыр. Естеріңізге салайық, осыдан он күн бұрын қала шетіндегі теміржол бойынан бірнеше жерге төгілген жанар-жағармай қоспалары табылған еді. Тәуелсіз экологтардың пайымдауынша, одан табиғатқа тиіп жатқан зиян ұшан-теңіз. Техногенді сұйықтықтың  әсіресе мал-жан үшін қауіптілігі жоғары. 2 мың шаршы метрдей аумаққа жанғыш затты кімдердің төгіп кеткенін анықтауға құзырлы органдар кірісіп кетті. Ал әкімдік өкілдері ол жерді қоршаумен ғана шектеліп отыр. Мазутты төккендер анықталса, оларға айыппұл салынып қана қоймай, орынды қалыпқа келтіру де міндеттеледі.

Аян Қайдаров, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Біз тексеруді нақты бір тұлғаға ашуымыз керек, тексеру субъектісі болуы керек, сол субъектіні қазіргі таңда анықтай алмай отырмыз. Бірақ құзіретті органдар осымен айналысуда. Егер қалдық төккен адамдар анықталса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жауапкершілігіне тартылады.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында құздан құлаған 9 жасар бала есін жиды Сыр өңірінде ауылшаруашылық саласында құқықбұзушылық көп »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы