369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде ауылшаруашылық саласында құқықбұзушылық көп

  • 238
  • UPD: 13:14, 10.07.2018
Сыр өңірінде ауылшаруашылық саласында құқықбұзушылық көп

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ең көп құқық бұзушылық ауыл шаруашылығы саласында тіркеліп отыр.

Өткен жылы 4 тұлғаға 5 әкімшілік хаттама толтырылса, биыл бір-ақ айдың ішінде 6 заң бұзушылық анықталған. Аграрлық мекемелердің мамандары әсіресе азаматтардан түскен өтінімдерге жауап қатуға асықпайды. Мәселен, жалағаштық ветеринарлардың бірі азаматтарға тиесілі ветеринарлық анықтама беруде созбалыққа салған. Ал оның әріптесі болса жеке тұлғаның куәлігі мен өтініші болмаса да рұқсат құжатын рәсімдеп жіберген. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыртқы бақылау және мониторингтеу жұмыстары қорытындысымен кінәлі тұлғалардан 185 мың теңгеден астам қаржы мемлекет пайдасына өндірілді.

Ғалым Ілкібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы:

- Қармақшы аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушыға карантинге жатқызылған өнімдерді ҚР аумағына тасымалдауға сертификат беру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін 33670 тг айыппұл салынса, Жалағаш аудандық ветеринарлық стансасына қарасты ветпункт дәрігерлеріне тиісті ветеринарлық анықтама беру қызметі мерзімін және тәртібін бұзғаны үшін сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынып отыр.

Осы категория бойынша: « Өскеменде мазутты төккендер іздестіріліп жатыр Сарапшылар: Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің жұмысы өзгерісті талап етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы