374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 8 өңірінде жатақхана құрылысы қарқынды жүруде

  • 162
  • UPD: 19:23, 10.07.2018
Қазақстанның 8 өңірінде жатақхана құрылысы қарқынды жүруде

Еліміздің 8 өңірінде ғана жатақхана құрылысы жүріп жатыр.

Олардың қатарында Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалалары бар. Осы аталған өңірлерде құрылыс жұмыстары қарқынды. Ал қалған облыстарда осыған қатысты атқарылған шаруа мардымсыз. Тіпті құрылысты бастамаған өңірлер де бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты. Үкімет басшысы өңір басшыларына жатақхана құрылысын жандандыру жайында нақты тапсырмалар беріп, тез арада түйткіл жайтты шешуді міндеттеді. Айта кетейік, студенттерді жаппай жатақханамен қамтамасыз етуді Елбасы 5 әлеуметтік бастамасында атап көрсеткен болатын. 

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде 200-ге жуық жеке баспана бой көтереді ШҚО-да мөңке балығы қырылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы